«Тездетіңіздер»: Бектенов жаңа көлік министрін асықтырды

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов көлік министрлігіне теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.

Үкімет басшысы теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын сұрады. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, биыл жүз вокзалда жаңғырту жұмыстары аяқталады.

«Сіздің тапсырмаңызбен жұмыс басталды. Осы жылы 100 вокзалдың жұмысын бітіреміз. Қалған вокзалдарды 2026 жылдары аяқтаймыз», — деп жауап берді Сауранбаев.

«Тездетіңіздер», — деп тапсырды Бектенов.

Министрліктің мәліметінше, мердігерлер теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына кіріскен, жобаларды жүзеге асыру бекітілген нормативтік-техникалық мерзімдерге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Жаңғырту вокзал кешендерінің негізгі элементтерін, соның ішінде қасбеттерді, шатырды, үй-жайларды, инженерлік желілерді, жолаушылар залдары мен платформаларды қамтиды. Қазіргі заманғы қауіпсіздік, навигация және жарықтандыру жүйелерін орнату, сондай-ақ мобильділігі төмен жолаушылар үшін жағдай жасау көзделген.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…