Атырауда 24 млрд теңгелік ірі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

Атырауда 24 млрд теңгелік ірі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Қала күні қарсаңында Атырауда өңірдегі ең ірі спорт нысанының бірі — “Texol Wellness Atyrau” спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жобаға 24 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Кешен Texol компаниясының бастамасымен және қаржыландыруымен жүзеге асуда.

Нысанның іргетасына уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Серік Шәпкенов, Texol компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава, спорт ардагерлері мен чемпиондар қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызына тоқталып, бұл жобаны қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп атады.

“Texol сынды ірі компаниялар өндірістік жобалармен ғана шектелмей, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға да қомақты үлес қосуда. Енді спорттың 12 түрімен айналысуға мүмкіндік беретін заманауи кешен салуға кірісті. Мұнда ересектер де, балалар да жаттыға алады,” — деді Серік Шәпкенов.

Өз кезегінде Texol Group төрағасы Шота Абхазава жаңа кешенді өңірдің тұрақты дамуға және халық саулығына бағытталған символы деп атады.

Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 18 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде теннис корттары, алты жолақты жүзу бассейні, жекпе-жек және фитнес залдары, өрмелеу қабырғасы, демалыс аймақтары болады. Бір мезетте 1 мың адамға дейін қабылдай алады.

Жоба іске қосылған соң, Атырау өңіріндегі спорт инфрақұрылымының сапасы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…