Categories Жайық news

Жаңа Конституция: «Шетелдіктерге жер сатуға тыйым жойылды» деген ақпарат – жалған

Әлеуметтік желіде «Жаңа Конституция жобасында шетелдіктерге жер сатуға салынған тыйым алынып тасталды» деген ақпарат тарап жатыр. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Орталықтың мәлімдеуінше, тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және фактілерді қасақана бұрмалау болып саналады.

«Қолданыстағы Конституцияның 6-бабы 3-тармағындағы «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» туралы норма жаңа жобада еш өзгеріссіз сақталды», — деп атап өтті ведомство.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия да бұл норманың өзгермейтінін растаған. Сонымен қатар, жаңа жобада мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы, басқару үлгісі сияқты базалық қағидаттардың өзгермейтіні туралы ережелер негізгі тарауларға енгізіліп, оның құқықтық кепілдіктері айтарлықтай күшейтілген.

«Шетелдіктерге жер сатуға тыйым салуды алып тастау туралы мәлімдемелердің ешқандай құқықтық негізі жоқ. Фактілерді әдейі бұрмалау және жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Азаматтарды және БАҚ өкілдерін ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз», — делінген орталық хабарламасында.

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…