Астанада 44 мектеп салынды: Тоқаев Қасымбектің есебін тыңдады

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Кездесуде елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңа оқу жылына дайындық қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

«Білім беру инфрақұрылымын дамыту – басты басымдық. Біз мектеп тапшылығын біртіндеп шешіп келеміз», — деді әкім.

Сонымен қатар қаладағы тұрғын үй құрылысы, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері де сөз болды. Президент жаңа оқу жылы қарсаңында барлық нысандардың уақытылы ашылуын қадағалауды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Энергетика министрлігі 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында саланы цифрлық трансформациялау…

Спортшылар Президентке қолдау үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі спорт залдарын аралап, спортшылармен кездесіп, олардың алғысын естіді.

Алматы облысында екі БАҚ маманына пәтер кілті берілді

Алматы облысында Мемлекет басшысының атынан өңірдегі жағымды жаңалықтарды насихаттап жүрген екі БАҚ маманына пәтер кілті…