Categories Жайық news

БҚО-да тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға батып кетті

Сурет: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында арнайы жабдықталмаған аумақта шомылуға барған үш жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірім суға батып кеткен. ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін қаза болғандардың денесін жергілікті тұрғындар судан шығарған.

«112 пультіне Батыс Қазақстан облысы ТЖД жедел кезекшісіне полиция бөлімінің кезекшісінен хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД күштері жедел түрде жіберілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Жаз мезгілінде шомылу аймақтарында балалардың суға кету жағдайлары жиілеп кеткен. Соңғы бір айда Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарында осындай оқиғалар тіркелген. ТЖМ қызметкерлері шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…