Categories Саясат

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері жиналды. Олар партия қатарына өтіп, бүгінде оның ұйымдық әлеуетін нығайтуға және бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысып жатыр. Соның ішінде «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, Қазақстан автомобиль одағы және басқа да ұйымдар бар.

«Amanat» партиясы «Әділетке» қосылады. Съезд жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысып жатыр. Аталған партияның «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі съезд делегаттарының қарауына шығарылды. Сонымен қатар II Съездің күн тәртібіне партияның одан әрі дамуы, өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері енгізілді.

Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағы кезеңдегі басым бағыттарын талқылады.

«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылды. Партияның қалыптасуы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясынан кейін басталған саяси жаңғыру кезеңімен тұспа-тұс келді.

«AMANAT» Съезі Президент реформаларына қолдау көрсету жолында «Әділетке» қосылуды мақұлдады. 2026 жылғы 7 мамырда Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, партияның ресми қызметі басталды. Ал 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Партия еңбек адамдарының, мұнай-сервис және тау-кен металлургиясы саласы қызметкерлерінің, шахтерлердің, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, құқық саласы және креативті индустрия өкілдерінің басын біріктіреді.

Болашақ үшін күш біріктіру: «AMANAT» съезі «Әділет» партиясына қосылуды қолдады. Партия платформасының негізін әділеттілік, жауапкершілік, теңдік, отансүйгіштік және прогресс қағидаттары құрайды. Партия заң үстемдігін нығайтуды, тиімді мемлекеттік және қоғамдық институттарды дамытуды, өңірлерді қолдауды, адами капиталды жетілдіруді, цифрландыруды ілгерілетуді және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруды қолдайды.

Ұқсас жазбалар

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында саяси партия…

Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерге қолдау…

Инициатива Президента «Таза Қазақстан» реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.…