Categories Қаржы

Қазақстанда несие алу шарттары қатаңдап, сұраныс төмендеуде

Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда тұтынушылық несиелеу нарығының қарқыны бәсеңдеп, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бөлшек несиелеу көлемі 4,4 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тұтынушылық несиелерді беру көрсеткіші 7 пайызға төмендеген. Бұл сегмент барлық бөлшек несиелердің шамамен 85 пайызын құрайды. Қазір банктер кепілмен қамтамасыз етілген қарыздарға басымдық беруде.

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер де өсіп, бөлшек несиелердің орташа мөлшерлемесі 20,9 пайызға жетіп, үш айда 2,7 пайыздық тармаққа артқан. Ең қымбаттаған өнімдер – автонесиелер мен кепілсіз қарыздар.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шаралары нәтижесінде жыл басынан бері тұтынушылық несиеге өтінімдер саны 10,7 пайызға азайған. Ипотекалық несиеге қызығушылық та төмендеп, азаматтар былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20,7 пайызға аз жүгінген.

Сарапшылардың болжамынша, алдағы уақытта банктер қарыз беру талаптарын одан әрі қатаңдатуы мүмкін. Әсіресе ипотекалық несие алу қиындап, қарыз жүктемесінің табысқа қатынасын есептейтін жаңа коэффициент мақұлданбайтын өтінімдер санын арттыруы ықтимал. Несиеге сұраныстың төмендеу үрдісі сақталады деген болжам бар.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.