Categories Әлем

Yandex Qazaqstan мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 17 сервисті бейімдеді

Сурет: Aikyn.kz

Yandex Qazaqstan компаниясы көру, есту, сөйлеу және қимыл-қозғалыс ерекшеліктері бар адамдарға арналған 17 сервисті бейімдеді. Бұл қадам цифрлық қолжетімділікті арттыру мақсатында жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Компания өкілдерінің айтуынша, бейімделген сервистердің қатарында Яндекс.Карталар, Яндекс.Музыка, Яндекс.Такси және басқа да танымал қосымшалар бар. Әрбір сервис арнайы тестілеуден өтіп, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін жетілдірілген.

«Біздің мақсатымыз – әрбір адамның цифрлық әлемге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл сервистер арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар да күнделікті өмірде кедергісіз пайдалана алады», – деді Yandex Qazaqstan өкілі.

Жаңартулар көру қабілеті бұзылғандар үшін дыбыстық бағыттау, есту қабілеті бұзылғандар үшін мәтіндік хабарландыру, сөйлеу ерекшеліктері бар адамдар үшін дауыстық командаларды тану, ал қимыл-қозғалысы шектеулі адамдар үшін жанасу сезімталдығын арттыруды қамтиды.

Бейімдеу жұмыстары халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген. Yandex Qazaqstan алдағы уақытта тағы да бірнеше сервисті қолжетімді етуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…