Categories Жайық news

Қазақстан мұнайының экспорты азайды: Еуропада баға шарықтап, тапшылық басталды

Қазақстаннан жеткізілетін мұнай көлемі азайған соң Еуропада қара алтын бағасы күрт өсіп, тапшылық байқалды. Бұл жағдайға негізінен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталатын CPC Blend сұрыпты мұнайдың жетіспеушілігі себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Bloomberg хабарлауынша, мұнай қазір нарыққа кешігіп түсіп жатыр. Жағдайды Ливиядағы іркілістер одан сайын ушықтырған.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Еуропадағы мұнай сұрыптары қазір үстеме бағамен сатылып жатыр. Brent бағасын анықтауда маңызды рөл атқаратын WTI Midland маркасы 13 қаңтарда базалық бағадан 2,90 долларға қымбат сатылды. Бұл – соңғы бір жылда болмаған рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ Azeri Light сұрыпының да бағасы бір жылдық максимумға жетті. Мұнай өңдеушілер CPC Blend маркасының орнына осы сұрыптарды таңдауға мәжбүр.

Құрамында күкірті аз «жеңіл» мұнайға деген сұраныс оның тапшылығына байланысты артып отыр. Ал венесуэлалық мұнай сияқты «ауыр» сұрыптар, керісінше, нарықта шамадан тыс көп. Бұл теңгерімсіздік аймақтар арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайтуда: Еуропа тапшылықтан зардап шексе, Азия жеңілдікпен сатылатын мұнайды сатып алуды жалғастыруда.

Басылым атап өткендей, Қазақстаннан экспорттау мәселесі өте маңызды сәтте туындап отыр. Қаңтарда жөнелтілуі тиіс мұнай көлемі жоспарланған межеден екі есеге жуық аз болған.

Қыркүйек айымен салыстырғанда төмендеу тәулігіне 900 мың баррельді құрады. Бұған ауа райының қолайсыздығы, жабдықтарды жөндеу жұмыстары және КҚК терминалына жасалған дрон шабуылдарының салдары себеп болған.

Фото: Envato Elements.

Ұқсас жазбалар

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…

Оралда «Aqjaiyq Tourism Fest» фестивалінде ұлттық спорт лигасы қорытындыланды

Оралда «Aqjaiyq Tourism Fest» фестивалі өтіп, ұлттық спорт лигасы қорытындыланды. Фестивальде облыс аудандары туристік әлеуетін…