Categories Жайық news

Мысырға баруға рұқсат етілді, бірақ 13 елге әлі шектеу бар

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасын сапар шегуге ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Министрлік бұл шешімді елдегі қазіргі ахуалды және әуежайлар мен туристік аймақтарды қоса алғанда, азаматтық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеп тұрғанын ескере отырып қабылдаған.

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайдың сақталуына, сондай-ақ аймақтағы бірқатар мемлекеттің әуе кеңістігін мезгіл-мезгіл жауып тастауына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жағдай толық тұрақталғанға дейін Бахрейн, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия сияқты елдерге кез келген сапардан бас тарту туралы ұсыныстары әлі де күшінде, – делінген ведомство хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…