Categories Жайық news

БИЫЛ ӨҢІРДЕ 11 ИНВЕСТОРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Елордада Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум өтті. Оған облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов селекторлық режимде қатысты.

Алқалы жиында инвестицияларды қорғау, инвесторлар үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда аймақта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында жалпыұлттық пулға енгізілген 2,7 трлн теңгені құрайтын 59 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар шеңберінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс. Бұл бағытта облыста да атқарушы орган тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биылғы І тоқсанда 11 инвестордың құқығы қорғалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі #aa

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.