Тоқаев ірі инвестормен кездесті: Қазақстанда әлемдік деңгейдегі клиника салынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда халықаралық клиника салу жобасы талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Инвесторлардың жоспары бойынша, жаңа медициналық орталықты Ashmore Healthcare International компаниясы «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-мен бірлесіп салады. Ал оны басқаруға әлемге танымал медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.

Мемлекет басшысы Үкіметтің бұл маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует барын айтты. Сондай-ақ ол экономиканың жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективалары туралы ойымен бөлісті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…