Categories Жайық news

10 млрд теңге: Грузияда жасырынған қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан елге жеткізілді. Ол ұйымдастырған алаяқтық схемадан зардап шеккендерге келтірілген шығын 10 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2019-2021 жылдар аралығында еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық желінің филиалдарын басқарған. Осы уақыт ішінде ол салымшылардан ірі көлемде ақша жинап үлгерген.

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, ол биыл ақпан айында Грузия аумағында ұсталған болатын. Енді Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері оны елге жеткізді.

Оның сыбайластары бұған дейін сотталып кеткен. Енді ұсталған азаматтың өзі мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…