Categories Ақорда

Жасанды интеллект мамандарына арналған алғашқы «Болашақ» стипендиялары тағайындалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия 184 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылдады. Бір орынға орта есеппен 6 үміткерден келді. Стипендия иегерлерінің 137-сі магистратурада, 10-ы докторантурада оқиды, ал 37 адам шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Өткен жылдың соңында комиссия жасанды интеллект саласындағы тағылымдамаларға арналған жеке санат бекіткен болатын. Бұл жолы осы санат бойынша алғашқы стипендиялар тағайындалды. Сонымен қатар, 51 адам әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды.

Дарынды жастарды қолдау үшін комиссия «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриатта оқуға мүмкіндік беретін санаттар тізімін толықтырды. Енді халықаралық шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері де стипендияға үміткер бола алады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин стипендияны одан әрі іске асыру және жетілдіру бойынша нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

2026 жылдың 1 шілдесі – Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн.

Будучи Конституционным центром страны, ел дамуының жаңа белесін бастайды. Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің…

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі  

Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды…