Categories Қаржы

Fitch Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады

Сурет: Экономика министрлігі

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растап, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің бағалауынша, рейтингтің сақталуына Қазақстанның мықты сыртқы қаржылық ұстанымы, таза шетелдік активтердің едәуір көлемі және мемлекеттік борыштың төмен деңгейі негіз болған.

«Қазақстанның таза шетелдік активтер бойынша позициясы рейтингі ұқсас елдер арасындағы ең мықты көрсеткіштердің бірі болып қала береді», – деп атап өтті Fitch.

Агенттік мәліметінше, Ұлттық қордың валюталық активтері 2026 жылғы мамыр айының соңында 66,4 млрд АҚШ долларына жеткен. Халықаралық резервтер көлемі 67,6 млрд долларға дейін өскен. Fitch сарапшылары әлемдік нарықтағы алтын бағасының жоғары болуы резервтердің артуына елеулі ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ агенттік Қазақстанның мемлекеттік борышы 2026-2027 жылдары ЖІӨ-нің шамамен 23%-ы деңгейінде сақталады деп болжап отыр.

«Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5%-ға өсті. Өсім көлік секторы көрсеткіштерінің айтарлықтай артуымен қатар кең ауқымды сипат алды», – делінген агенттік есебінде.

Fitch көлік, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары алдағы жылдары да экономикалық белсенділіктің негізгі драйверлері болып қала береді деп күтеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…