Categories Қаржы

ҚазҰУ ғалымдары литий-ион батареяларын қайта өңдеуді бастады

Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасы іске қосылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зерттеушілері бұл бастаманы қолға алып, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қоспақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында ғалымдар ескірген батареялардың құрамындағы қымбат металдарды бөліп алып, оларды қайта пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл технология Қазақстан үшін мүлдем жаңа бағыт саналады.

«Біздің зерттеуіміз литий-ион батареяларын қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шикізатты үнемдеуге де септігі тиеді», — дейді жоба жетекшісі, профессор Асқар Серікқалиев.

Қазіргі уақытта зерттеушілер батареялардан литий, кобальт және никель сияқты элементтерді бөліп алудың тиімді әдістерін сынақтан өткізуде. Алдағы уақытта бұл әдісті өнеркәсіптік деңгейге жеткізу жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз

Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті. Жылдық инфляция мамырда 10,4% болды.

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, валюта нарығындағы өзгерістер…