27 пойызға Starlink интернеті қосылады: жолаушылар жолда онлайн болады

Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Қазақстанның 27 жолаушылар пойызына спутниктік интернет қосылады. Енді жолаушылар жол жүріп бара жатып-ақ әлемдік желіге қосыла алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатыр.

«Біз 27 пойызды Starlink жүйесімен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалып жатқан қадам», – деді Мәдиев.

Starlink – Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі спутниктік интернет жүйесі. Ол жердің кез келген нүктесінде жылдам интернет ұсынады. Қазақстанда бұл технология алғаш рет пойыздарда сынақтан өткізіледі.

Жоба алдағы айларда іске қосылады деп күтілуде. Алдымен ең көп жүретін бағыттардағы пойыздарға орнатылады.

Ұқсас жазбалар

5 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» 5 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік және шығыс…

Президент Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраның ұлттық бірегейлік пен рухани мұрадағы маңызын…

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. ҚР Ұлттық ядролық орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 5 шілдеде сағат…