Categories Жайық news

Сарапшылар: Орталық Азиядағы инвестицияның 68%-ы Қазақстанға құйылып жатыр

UNCTAD деректері бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр, елге аймақтағы барлық инвестицияның 68,6%-ы тиесілі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

2024 жылғы мәліметке сәйкес, Қазақстан экономикасындағы жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 151,3 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 52%-ына тең.

Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің небәрі 10%-ын құрайды. Ал Орталық Азиядағы өзге елдердің барлығын қосқандағы инвестиция көлемі шамамен 69,3 млрд долларды құрап, Қазақстанның үлесі айтарлықтай басым екенін көрсетеді.

Қазақстан 2000-2024 жылдар аралығында аймақтың негізгі инвестициялық орталығына айналды. Осы кезеңде елге тартылған тікелей шетелдік инвестиция 10,1 млрд доллардан 151,3 млрд долларға дейін өскен. Сонымен қатар қазақстандық компаниялардың шетелге салған инвестициясы бұдан 8-9 есе аз болып отыр.

Сарапшылар мұндай көшбасшылықты ел экономикасының ауқымдылығымен, нарық сыйымдылығының жоғарылығымен және тұрақты институционалдық ортаның қалыптасуымен байланыстырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…