Categories Қаржы

«Отбасы банк» мамырдағы төлем кестесін жариялады: мерзімін өткізіп алмаңыз

«Отбасы банк» мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты депозит толықтыру және несие өтеу операцияларының кестесін жариялады. Егер төлеміңізді дер кезінде жасамасаңыз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мереке күндері банк серіктес жүйелері арқылы жасалатын операциялардың есептелу уақыты өзгереді. Банк клиенттерге төлемдерді алдын ала жасауды ұсынады.

«Мамыр айындағы мерекелерге байланысты депозиттерді толықтыру және несиелерді өтеу бойынша қаражаттың есептелу кестесі өзгереді. Клиенттеріміздің ыңғайсыздыққа ұшырамауы үшін төлемдерді уақытында жасауды сұраймыз», — делінген банк хабарламасында.

Нақты кесте банктің ресми сайтында және мобильді қосымшасында жарияланған. Төлемдерді уақытында жасап, айыппұлдан сақтану үшін кестені алдын ала қарап алуға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…

Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты: зейнетақы жинағынан салық алынбайды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Бұрын төленген салық…

Екібастұзда деректер орталығының құрылысы басталды

Екібастұзда деректерді өңдеу орталықтары алқабын салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта учаске қоршалып, аумақты жоспарлау және…