Тоқаев: Түркиямен өнеркәсіпте ынтымақтастықты күшейту кезек күттірмейді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия бизнес форумында екі ел арасындағы өнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент форумда сөйлеген сөзінде екі елдің өнеркәсіптегі жетістіктеріне тоқталып, бірлескен жобалардың маңызын атап өтті.

«Біз өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек. Бұл – екі жаққа да тиімді бағыт», – деді Тоқаев.

Форумға қатысушылар инвестициялық жобалар мен технологиялық алмасу мәселелерін талқылады. Тараптар жаңа келісімдерге қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.