Categories Жайық news

«Бұл – мазақ ету»: Қазақстанда донорларға 20 жыл бойы небәрі 983 теңге төленіп келген

Қазақстанда қан тапсыратын донорларға берілетін өтемақы мөлшері соңғы 20 жылда өзгеріссіз қалып, небәрі 983 теңгені (0,25 АЕК) құрап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл соманың адам ағзасын қалпына келтіруге мүлдем жетпейтінін айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, донор қан тапсырғаннан кейін дұрыс тамақтанып, күшін қалпына келтіруі үшін кемінде 5 мың теңге қажет.

Салыстыру үшін, көрші елдерде донорлардың еңбегі әлдеқайда жоғары бағаланады. Мысалы, Ресейде өтемақы шамамен 9 мың теңгені, ал Беларусьте 6 600 теңгені құрайды. Ал дамыған Еуропа елдері мен АҚШ-та донорларға 27 мыңнан 30 мың теңгеге дейін ақы төленеді.

Осыған байланысты депутаттар өтемақыны 5 406 теңгеге дейін көтеруді ұсынған. Алайда Қаржы министрлігі бұл бастамаға қолдау білдірмеді.

«Бюджет тапшылығына және 2028 жылға дейін мемлекеттік органдардың жаңа бастамаларына енгізілген мораторийге байланысты бұл ұсынысты орындау мүмкін емес», – деп жауап берді ведомство.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…