Categories Қаржы

25 маусымнан бастап ескі 2000 теңгеліктермен төлем жасауға болмайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Ұлттық банкі ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналыстан шығатынын еске салды. 2026 жылғы 25 маусымнан бастап бұл банкноталармен төлем жасау мүмкін болмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк мамандары халықты ескі банкноталарды мерзімінен бұрын айырбастап алуға шақырады. Айырбастау үшін банктерге немесе Қазақстан поштасының бөлімшелеріне жүгінуге болады.

«Ескі 2000 теңгеліктерді 2026 жылдың 25 маусымына дейін кез келген банкте немесе пошта бөлімшесінде ешқандай комиссиясыз айырбастауға болады. Кейін олар төлем құралы ретінде жарамсыз болып қалады», – деді Ұлттық банк өкілі.

Айта кетейік, жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар 2023 жылы айналымға енгізілген болатын. Олардың қауіпсіздік элементтері жетілдірілген және дизайны жаңартылған.

Ұқсас жазбалар

Шекара маңында жанар-жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

Елімізден жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алу үшін шекара маңындағы аймақтарда патрульдік полицияның 59 бекеті…

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді. Бүгін Кабулда бизнес форум ашылып, екіжақты…