Categories Жайық news

Елдің бір бөлігінде аяз, енді бірінде – боран: Қазақстандықтарды демалыста қандай ауа райы күтіп тұр?

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен шығысында аяз сақталса, батыс пен оңтүстікте қар аралас боран соғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, демалыс күндері еліміздің солтүстігі мен шығысы Сібірден келген ауқымды антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан бұл аймақтарда аязды ауа райы сақталады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігіне оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

«Бұл өңірлерде ауа райы қолайсыз болады: қар жауып, бұрқасын соғады, жел дауылды жылдамдыққа дейін күшейіп, көктайғақ болады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ 17-18 қаңтар күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі.

Жаңа аптаның басында елдің солтүстігіне, солтүстік-батысы мен орталығына кезекті солтүстік-батыс циклоны жылжи бастайды. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын және температураның біртіндеп жоғарылауын әкеледі. Бұдан бөлек, Қазақстанның барлық аумағында тұман түсуі мүмкін.

Фото: pexels.com

Ұқсас жазбалар

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…