Categories Спорт

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем Кубогының екінші кезеңі басталды. Алғашқы күні алты боксшымыздың бесеуі келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тек Наталья Богданова ғана сәтсіздікке ұшырады. Ол Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Зио Баодан 1:4 есебімен жеңілді. Қалған боксшылар қарсыластарын басымдықпен ұтып, келесі айналымға өтті.

Серік Теміржанов неміс Денис Брилді 5:0 есебімен жеңді. Нұрбек Оралбай оңтүстіккореялық Гичшае Кимді екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Сабыржан Аққалықов қытайлық Хиабао Уангты 5:0 есебімен тізе бүктірді. Айбек Оралбай америкалық Нажай Райтты 5:0 есебімен жеңді. Дина Исламбекова ирландиялық Лиона Дарсиді екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Ұқсас жазбалар

Гана Панаманы қосымша уақытта жеңді

Әлем чемпионатының L тобында Гана Панаманы қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын Калеб Йиренки…

Тунис құрамасының бас бапкері жеңілістен кейін отставкаға кетті

Тунис құрамасы Швециядан 1:5 есебімен ұтылған соң бас бапкер Сабри Лямуши отставкаға кетті. Орнына Эрве…

Португалия мен Конго ДР құрамалары әлем чемпионатында тең түсті

Португалия мен Конго ДР құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатында тең нәтижемен аяқталды. Кездесу 1:1 есебімен…