Categories Жайық news

Тоқаев Еңбек министрін ауыстырды: Жаңа басшы Асқарбек Ертаев туралы не белгілі?

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген ресми құжатта.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «НҰР» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметке 2014 жылы келген. Әр жылдары Экономика министрлігінде, Президент әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінде және Үкімет аппаратында қызмет еткен.

2023 жылы Еңбек министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып, ал 2024 жылдың тамызында осы министрліктің вице-министрі қызметіне тағайындалған еді.

Ол бұл қызметте 2023 жылдың қыркүйегінен бері ведомствоны басқарып келген Светлана Жақыпованы алмастырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда әйел жеке суреттерді таратпау үшін ер адамнан 500 мың теңге бопсалаған

Оралда 31 жастағы әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге бопсалаған. Ол…

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен ұсталды: Абай аудандық бөлімінің қызметкері қамауда

Оралда Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде кәмелетке толмаған қызды…

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона»

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона», организованный акиматом Западно-Казахстанской области и…