Categories Қоғам

ҰБТ жетпейді: болашақ мұғалімдерге қосымша емтихан енгізіледі

Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі енді жеткіліксіз болады. Абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қабылданды. Енді педмамандықтарға түсетін талапкерлер тек ҰБТ-мен шектелмей, арнайы қосымша емтихан тапсырады.

«Біз сапалы білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігі маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан іріктеуді қатаңдатуды жөн көрдік», — деді Білім министрлігінің өкілі.

Жаңа ереже 2025 жылғы қабылдау науқанынан бастап қолданысқа енеді. Педагогикалық ЖОО-лар өздерінің ішкі емтихан бағдарламасын бекітіп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Бүгіннен бастап ҰБТ басталды: 10 шілдеге дейін жалғасады

10 мамырда Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды. Биылғы сынақ 10 шілдеге дейін жалғасады.

Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың цифрлық дерекқорын қалыптастыруда

Қазақстанда «Батырларға тағзым» ұлттық порталын құру және 1938–1945 жылдары қызыл әскер қатарына шақырылған қазақстандықтардың мұрағат…

1 қыркүйектен бастап балалардың медтексеруі мүлде басқаша болады

1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық медициналық тексерулері жаңа форматта өтеді. Енді оқушыларды мектепте тексеру жоспарланған.