Categories Жайық news

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 10 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарға қараған түні болған. Шұғыл шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан кейін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына барлығы он адам жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға шұғыл ота жасалған. Алайда алған жарақаттарының ауырлығынан ол ауруханада көз жұмды.

Зардап шеккендердің тағы біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Төрт науқас травматология және нейрохирургия бөлімшелеріне жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ал жағдайы жақсарған тағы төрт адам үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік  

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе…

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.