Categories Жайық news

Қазақстанда 43 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

2025 жылдың маусымы Қазақстанның көп бөлігінде әдеттен тыс жылы, кей жерлерде аса ыстық болды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің басым аумағында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1–3,5 градусқа жоғары болды.

Температуралық рекордтар

Еліміздегі жоғары температура Батыс Азиядан келген жылы ауа массаларының әсерінен болды. Әсіресе маусымның екінші онкүндігі өте ыстық болып, бірнеше қалада температуралық рекордтар тіркелді.

  • 6 маусым күні Таразда ауа температурасы +37,4 градусқа жетіп, 2023 жылғы +36,0 рекордынан асты.

  • 12 маусым күні Балқашта +34 градус тіркеліп, бұл 1982 жылғы +32,5 рекордынан жоғары болды.

16–19 маусым аралығында бірнеше қалада жаңа рекордтар тіркелді:

  • 16 маусым, Жезқазған – +38,4 °C (1988 ж. – +38,3 °C)

  • 17 маусым, Шымкент – +38,7 °C (2023 ж. – +37,5 °C)

  • 18 маусым:

    • Жезқазған – +42,4 °C (1988 ж. – +41,1 °C)

    • Шымкент – +40,6 °C (2023 ж. – +39,1 °C)

    • Түркістан – +42,8 °C (1988 ж. – +42,6 °C)

    • Алматы – +35,7 °C (2005 ж. – +35,0 °C)

  • 19 маусым, Семей – +38,1 °C (2023 ж. – +37,2 °C)

24 маусымда Шымкентте +39,4 °C тіркеліп, бұл 1984 жылғы +39,2 °C рекордын жаңартты.
29 маусымда Алматыда +36,6 °C көрсеткіші 2022 жылғы +35,5 °C рекордын басып озды.

Астанада маусым айындағы орташа температура +21,4 °C болды (норма +19,6 °C). Ең жоғарғы температура 18 маусымда тіркелді – +36,3 °C, ал ең төменгісі – 9 маусымда – +9,4 °C.

Температуралық айырмашылықтар

Жалпы жылынуға қарамастан, кейбір өңірлерде ауа температурасы күрт ауысып отырды. Батыс Қазақстанда температура негізінен нормаға сай болды, тек Маңғыстау облысында температура нормадан 1–1,7 градусқа төмен тіркелді.

Жауын-шашын үлесі

Елдің солтүстігі мен батысында жауын-шашын мөлшері нормаға сай не одан жоғары болды. Мәселен, 7 маусымда Новоалексеевкада (Ақтөбе облысы) 32 мм норма кезінде 50,3 мм жауын жауды.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын тапшылығы байқалды, бірақ кей күндері нөсер жауындар болды. 4 маусымда Жалаңашта (Алматы облысы) айлық норма 75 мм болса, сол күні 40,3 мм жауын жауды.

Астанада маусым айында 58 мм жауын-шашын түсіп, бұл да нормадан (40 мм) жоғары болды.

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…