Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ пен Еуропалық инвестициялық банктің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Мора қатысты.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен өткен келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалап, Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара бейілділіктерін растағанын айтты.

Мемлекет басшысы сапардың экономикалық құрамдас бөлігі – құны 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылуы еуропалық бизнестің Қазақстан экономикасына және реформаларға деген сенімін көрсететінін жеткізді.

Президент Еуропалық инвестициялық банкпен серіктестіктің нәтижелі сипатына көңілі толатынын атап өтіп, алдағы ынтымақтастық Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына және өңірлік өзара байланыстарды арттыру бастамаларын ілгерілетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Марош Шефчович Президенттің ресми сапары Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Ол сапар аясында қол қойылатын маңызды коммерциялық келісімдер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұзақ жылдар бойғы бірлескен күш-жігердің нәтижесі екеніне тоқталды.

Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі салалардағы ортақ бастамаларды ілгерілету мақсатында конструктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…