Блогердің әкесінен зорлық көргені туралы мәлімдемесіне қатысты іс қозғалды

Сурет: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде танымал блогердің бала кезінде әкесінен жыныстық сипаттағы зорлық көргені туралы бейнежазбасы тарады. Полиция бұл факті бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тікелей эфирде бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Ата-анасы бейнематериалдардағы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтып, қыздарымен ұзақ уақыт бойы байланыспағандарын жеткізген.

Құқық қорғау органдары ата-анасының арызы бойынша жалған ақпарат таратқан блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Полиция мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Кез келген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер құқықтық бағалауға жатады және олар үшін әкімшілік те, қылмыстық заңнамада да көзделген жауапкершілік қарастырылған», делінген полиция хабарламасында.

Полиция тараптардың барлық уәждері тексерілетінін хабарлады.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…