Астанада дауыл соғады: синоптиктер ескерту жасады

Бүгін Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жаңбыр күндіз басталып, кешке дейін жауады деп күтілуде.

«Ауа райының нашарлауына байланысты абай болыңыздар. Көшеде жүргенде құрылыс нысандарынан, ағаштардан аулақ жүріңіз», — деді қалалық ТЖД мамандары.

Синоптиктер дауылдың кешке қарай басылатынын болжап отыр. Астаналықтарға қажетсіз сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды

Президент ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, әскери қызмет, машина жасау, көлік, атқарушылық іс…

Астанада дене салмағының жартысындай ісік алынған нәрестеге күрделі ота жасалды

Астанада хирургтер жаңа туған нәрестеден 2 келіден асатын ісікті алып тастады. Отаға қатысқан дәрігерлердің айтуынша,…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек…