Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат порталы.

«Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын! Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр. Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отырғанын жеткізді.

«Форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасамыз деп үміттенеміз. Бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отыр. Мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады. Алайда бұл тұжырымды тарихшылардың еншісіне қалдырған жөн. Қазір осы жағдайға қалай жауап беретініміз маңызды. Алдымызда таңдау тұр: қандай шешім қабылдаймыз, қандай құндылықтарды қорғаймыз?!», — деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде…

Мемлекет басшысы Жаңа жылда қандай бастамалар мен үндеулер жолдады?

Президент Жаңа жылдық жолдауында ұлттық бастамалар мен жастарға арналған үндеулерін жариялады.

Президент әлем чемпионын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады – Бибісара…