27 пойызға Starlink интернеті қосылады: жолаушылар жолда онлайн болады

Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Қазақстанның 27 жолаушылар пойызына спутниктік интернет қосылады. Енді жолаушылар жол жүріп бара жатып-ақ әлемдік желіге қосыла алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатыр.

«Біз 27 пойызды Starlink жүйесімен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалып жатқан қадам», – деді Мәдиев.

Starlink – Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі спутниктік интернет жүйесі. Ол жердің кез келген нүктесінде жылдам интернет ұсынады. Қазақстанда бұл технология алғаш рет пойыздарда сынақтан өткізіледі.

Жоба алдағы айларда іске қосылады деп күтілуде. Алдымен ең көп жүретін бағыттардағы пойыздарға орнатылады.

Ұқсас жазбалар

Президент сайлау, прокуратура және әлеуметтік заңнамаға қатысты заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау, прокуратура және әлеуметтік заңнамаға қатысты бірнеше заңға қол қойды.

11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

«Қазгидромет» мәліметінше, 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық және шығыс…

Тоқаев ЕАЭО және Оманмен келісімдерге қатысты заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңды бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.