Categories Жайық news

Ирандағы жағдай ушықты: «Адамдардың басы мен жүрегіне оқ тиген»

Иранда үкіметке қарсы ауқымды наразылықтар жалғасып, билік күш қолдануды күшейтуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ислам революциясы сақшылары корпусы елдегі тәртіпсіздіктерге «террористерді» кінәлап, билік жүйесін қорғау «қызыл сызық» екенін қатаң ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран халқының азаттыққа жақын екенін айтып, Вашингтонның көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи наразылықтарды АҚШ пен Израильдің арандатуы деп атады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, интернеттің өшірілуіне байланысты елдегі ахуалды нақты бағалау қиындаған. Дегенмен, әлеуметтік желілерде Тегеран, Рашт, Тебриз сияқты ірі қалалардағы шерулерден видеолар тарап жатыр.

«Ауруханалар қаза тапқандар мен жараланғандарға лық толы. Куәгерлердің айтуынша, қауіпсіздік күштері адамдардың басы мен жүрегін көздеп, жауынгерлік оқ пен бытыра қолданған. Тіпті кейбір жаралылар билік танып қояды деп қорқып, ауруханадан қашып кеткен», — дейді жергілікті дәрігерлер BBC мен CNN-ге берген сұхбатында.

HRANA құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, кемінде 50 наразылық білдіруші мен 15 қауіпсіздік қызметкері мерт болып, 2300-ге жуық адам қамауға алынған. Алайда, құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Мысалы, Рашт қаласындағы ауруханаға бір түнде 70 адамның мәйіті жеткізілгені айтылады.

Наразылықтар бастапқыда инфляцияның күрт өсуіне қарсы экономикалық талаптармен басталып, кейіннен саяси сипат алды. Қазір шеруге шыққандар елдегі діни басқару жүйесін тоқтатуды талап етеді.

Бұрынғы шах әулетінің мұрагері Реза Пехлеви халықты қала орталықтарын басып алуға шақырды. CNN хабарлауынша, Хаменеидің жұма күнгі үндеуінен кейін билік күш қолдануды күрт күшейткен. Куәгерлер оқ атылып, көзден жас ағызатын газ бен электрошокер жиі қолданылғанын айтады.

Иранның ішкі істер министрі Эскандер Момени биліктің кейбір қателіктерін мойындағанымен, наразылар режимнің сыртқы қысымсыз кетпейтініне сенімді. Шерулер 100-ден астам қаланы қамтып, Иран билігі үшін соңғы жылдардағы ең үлкен сынаққа айналды.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…