Categories Жайық news

FIFA Series: Қазақстан құрамасы жаңа турнирді жеңіспен бастап, Намибияны ұтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series жаңа турниріндегі алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады. Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде Магомед Адиев шәкірттері Намибия командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тарихи матчтағы алғашқы голды 12-минутта қорғаушы Ян Вороговский соқты. Ойынның екінші жартысында, 79-минутта Әлібек Қасым есепті еселеп, команданың жеңісін бекіте түсті.

FIFA Series – Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңа бастамасы. Бұл жарыс жолдастық кездесулердің баламасы ретінде ұйымдастырылып, әртүрлі конфедерация командаларына өзара бақ сынауға мүмкіндік береді.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы үш ұпайға ие болды. Енді ұлттық команда турнирдегі екінші әрі соңғы ойынын 31 наурызда Комор аралдары құрамасына қарсы өткізеді. Ал 28 наурызда африкалық команда Намибиямен кездеседі.

Фото: ҚФФ

Ұқсас жазбалар

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…