TikTok тағдыры: АҚШ пен Қытай мәмілеге келді

АҚШ пен Қытай TikTok әлеуметтік желісінің болашағына қатысты алдын ала ортақ келісімге қол жеткізді. Құжатты ресми түрде осы жұма күні Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы бекітеді деп күтілуде.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін белгіленген 17 қыркүйекке дейінгі мерзім тағы 90 күнге ұзартылуы мүмкін.

Естеріңізде болса, 2024 жылы сол кездегі президент Джо Байден TikTok-ты сату немесе АҚШ аумағында мүлде жабу жөніндегі заңға қол қойған еді. Ал билікке қайта келген Дональд Трамп бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатып, платформаны бұғаттауды кейінге қалдырған.

Осылайша, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі тағы да үлкен саясаттың ойыншығына айналып отыр.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…