Categories Жайық news

Зеленский АҚШ-тың соғысты тоқтату жоспарын жариялады: Келіссөз Майамиде өтуі мүмкін

Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге берген сұхбатында АҚШ-тың соғысты жазға дейін аяқтауға бағытталған жаңа жоспарын ұсынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Киев пен Мәскеуге бір аптадан кейін Майамиде кездесуді ұсынған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Зеленскийдің сөзінше, Америка Құрама Штаттары соғыс қимылдарын жазға дейін тоқтатуды көздеп отыр. Вашингтон барлық оқиғаның нақты кестеге сай болғанын қалайды және осы мақсатқа жету үшін бар күшін салмақ.

«Олар бәрін маусым айына дейін аяқтағысы келетінін айтты. Соғыстың осылай аяқталуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», – деді Украина басшысы.

АҚШ-тың ұсынысы бойынша, Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері Майамиде өтуі тиіс. Украина тарапы бұл кездесуге қатысуға келіскен. Сонымен қатар Вашингтон энергетикалық инфрақұрылымға жасалатын соққыларды тоқтатуды тағы да ұсынды. Киев бұл бастаманы қолдаса, Ресей тарапы жауап беруге уәде еткен.

Жоспар аясында Донецк облысында еркін экономикалық аймақ құру идеясы да бар. АҚШ болашақта атысты тоқтату режимін бақылау процесіне тікелей қатысатынын растаған, бірақ бұл Еуропаның шеттетілетінін білдірмейді.

Сондай-ақ Зеленский Ресейдің «Орешник» зымыранын Беларусь аумағынан қолдануына қатысты қаупін де жеткізді. Оның пікірінше, зымыранның бір рет қолданылуының өзі Минскіні соғысқа толықтай тартуы мүмкін, ал «ресейліктердің көздегені де сол».

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…