Categories Саясат

Алимент ақшасына сот орындаушылары қол сұға алмайды: Мәжіліс түзету енгізді

Мәжіліс депутаттары нотариат саласына қатысты заң жобасына өзгерту енгізді. Енді сот орындаушылары алимент алушылардың арнайы шоттарындағы ақшаны өндіре алмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл түзету алимент төлемдерін қорғауға бағытталған. Яғни, егер алимент алушының басқа қарыздары болса, сот орындаушылары алимент шотындағы ақшаны тәркілей алмайды. Бұрын мұндай жағдайлар жиі кездесіп, ана мен баланың құқығы бұзылған еді.

«Бұл өзгерту алимент алушылардың құқығын қорғау үшін маңызды қадам. Енді алимент ақшасы тек баланың қажеттілігіне жұмсалады», — деді Мәжіліс депутаты.

Заң жобасы қазір Сенаттың қарауына жіберілді. Қабылданса, алимент шоттарына ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді.

Ұқсас жазбалар

«Respublica» партиясының съезінде жаңа Конституцияға сәйкес Жарғы бекітілді

«Respublica» партиясының съезінде делегаттар жаңа Конституцияға сәйкес Жарғыны бекітті.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…