Categories Әлем

Полиция ескертеді: көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз

Сурет: Egemen Qazaqstan

Полиция азаматтарды көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

QR-кодтар күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғанымен, алаяқтар бұл технологияны адамдарды алдау үшін пайдаланады. Көшеде, аялдамаларда, подъездерде немесе жарнама тақтайшаларында орналасқан QR-кодтарды сканерлеу алдында олардың қауіпсіздігіне көз жеткізу керек. Қылмыскерлер түпнұсқа кодтың орнына өздерінің жалған QR-кодын жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін.

Мұндай сілтемелердің мақсаты – жеке мәліметтерді немесе банк карталарының деректерін алу. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасадым деп ойлағанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді.

Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері: QR-код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған; хабарландыруда ресми емес безендіру болуы мүмкін; «Сыйлық алыңыз», «Тек бүгін», «Жедел сканерлеңіз» сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған; ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген.

Өзіңізді қорғау үшін: белгісіз QR-кодтарды себепсіз сканерлемеңіз; сілтеме ашылар алдында оның интернет-мекенжайын мұқият тексеріңіз; күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеңіз; белгісіз қосымшаларды орнатуға немесе құрылғыға қосымша рұқсаттар беруге келіспеңіз; төлем жасау кезінде QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізіңіз.

Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, банкке дереу хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз.

Ұқсас жазбалар

Норвегия Бразилияны жеңіп, алғаш рет ширек финалға шықты

Норвегия құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны 2:1 есебімен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет…

Мысыр шөлінен Византия дәуіріне жататын қала табылды

Мысырдың батыс шөліндегі Дахла оазисі маңынан археологтар Византия дәуіріне тиесілі қаланы ашты. Қазба жұмыстары кезінде…

АҚШ-та Тәуелсіздік күнінде 400-ден астам адам ұсталды

АҚШ-тың Ньюпорт-Бич қаласында Тәуелсіздік күні мерекесі кезінде 400-ден астам адам ұсталды.