Categories Жайық news

Өңірдің су инфрақұрылымына 18 техника берілді

Бүгін – Қазақстан Республикасы су шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік техника берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 сәуірдегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында су шаруашылығы саласын жүйелі дамыту мақсатында «Батысирригация» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану, су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылған мекеме өз жұмысын қысқа мерзім ішінде қарқынды жолға қойып, бүгінде 104 жоспарланған гидротехникалық нысанның 85-ін теңгеріміне қабылдады. Олардың қатарында 18 су қоймасы, 34 суару каналы, 29 лиман, 2 тоған және 2 бөгет бар.
Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен «Батысирригация» КММ-і заманауи арнайы 18 техникамен жабдықталды. Атап айтқанда, шынжыр табанды экскаваторлар, экскаватор-тиегіштер, «Ботсман М» көпбейінді жер снаряды, 4×4 жол талғамайтын автокөліктер, моторлы қайықтар, тиегіштер және тіркемелер. Тағы үш бірлік – жер снаряды, бульдозер және жүк тиегіш – жеткізу сатысында. Қазіргі таңда тралды сүйрегіш жүк көлігі мен тұрғын вагон көлігі сатып алынып жатыр.
Мекеме қызметкерлері су инфрақұрылымының тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, өңірдің ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыруға, су тасқынының алдын алуға және мал шаруашылығын дамытуға септігін тигізіп келеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…