Categories Қаржы

Алаяқтар Apple мен PayPal атынан хат жолдап, қазақстандықтарды тонап жатыр

Бас прокуратура интернет-алаяқтардың жаңа әдісін анықтады: олар Apple және PayPal компанияларының атынан жалған хабарламалар жібереді. Құрбандардың ақшасын ұрлау үшін қолданылатын бұл схема туралы мамандар ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар құрбандарға Apple немесе PayPal-дан келгендей көрінетін хаттар жібереді. Онда аккаунтқа кіру әрекеті жасалғаны, не төлем қателігі туралы айтылады. Содан соң адамды жалған сілтеме арқылы өз деректерін енгізуге мәжбүрлейді.

Прокуратура мамандары мұндай хаттарға сенбеуге, жеке мәліметтерді ешкімге бермеуге кеңес береді. Егер күмәнді хат келсе, компанияның ресми сайтына өзіңіз кіріп тексеріңіз.

«Алаяқтардың хаттарында грамматикалық қателер көп кездеседі. Сондай-ақ жіберушінің мекенжайы ресми доменге ұқсамайды. Сақ болыңыздар», — деді Бас прокуратура өкілі.

Қазақстандықтар бұған дейін де банк атынан келген жалған қоңыраулардан зардап шеккен. Енді алаяқтар шетелдік брендтерді пайдаланып, жаңа құрбандар іздеп жатыр. Мамандар кез келген күмәнді хатты дереу прокуратураға хабарлауға кеңес береді.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады.

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…