Оралда көпқабатты тұрғын үйлерді сәулеттік жарықтандыру және лэд-экрандар орнату жалғасуда

Орал қаласында қалалық келбетті көркейту, түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттыру және ақпараттық қолжетімділікті жақсарту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерге сәулеттік жарықтандыру орнату жұмыстары белсенді жүргізілуде.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қала аумағындағы 4 тұрғын үйге заманауи сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылды. Бұл жұмыстар 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бүгінгі күнге дейін жалпы 50 тұрғын үйге жарықтандыру жүйелері орнатылған.
Сәулеттік жарықтандыру тек эстетикалық көріністі жақсартып қана қоймай, түнгі уақытта көшелердің жарықтылығын арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ақпараттарды жедел жеткізу үшін М.Мәметова атындағы әуежайдың алдына және Орал қаласының орталық көшелеріне үш ақпараттық LED-экран орнатылды. Бұл экрандар арқылы қоғамдық, әлеуметтік және мәдени жаңалықтар, ауа райы болжамы мен басқа да маңызды хабарламалар көрсетілуде.
Аталған жобалар Орал қаласының инфрақұрылымын жаңғыртып, заманауи әрі тартымды қала келбетін қалыптастыруға бағытталған.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме…

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Астанада Президенттен жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Экземплярлар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке үндеуімен…