Тобыл өзенінде суға батып кеткен ата мен немересінің денесі табылды

Сурет: 24.kz

Костанай облысындағы Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды. Еріктілер іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға өткен жексенбіде Алтын Дала ауылы маңында болған. Отбасылық демалыс кезінде 2020 жылы туған бала өзен жағасында ойнап жүріп, қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Мұны көрген атасы немересін құтқару үшін суға секірген, алайда екеуі де судан шыға алмаған.

Іздеу-құтқару операциясына ТЖД-нің шамамен 40 қызметкері тартылған. Сондай-ақ 13 техника, 2 жүзу құралы, дрон және үш сүңгуір тобы пайдаланылған.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай мен…

Полицияға үш күнде 2400-ден астам жасөспірім жеткізілді

1-3 шілде аралығында бірнеше өңірде балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті. Полицияға 2400-ден астам жасөспірім…

Алматы тауларында жарақат алған 18 жастағы турист қыз құтқарылды

Үлкен Алматы көлі маңында 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз аяғын жарақаттап, құтқарушылар көмек…