Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізуді бекітті: білім сапасы қалай өзгереді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – білім саласын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарлыққа сәйкес, еліміздің мектептерінде жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы оқыту үдерісін жетілдіру көзделген. Бұл бастама оқушылардың білім сапасын арттырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірі. Біз оны тиімді пайдалану арқылы балаларымызды заманауи дағдыларға баулимыз», – деді Президент.

Алғашқы кезеңде жасанды интеллект жүйелері пилоттық мектептерде сынақтан өтеді. Одан кейін тәжірибе бүкіл республикаға таратылмақ. Бұл реформа Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына да жаңа серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…