Түркістан облысында үш ағайынды ақыл-есі кем туысын зорлағаны үшін сотталды

Түркістан облысында өз туысын қорлаған екі ағайындыға сот үкімі шықты. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылып, жазасы тағайындалды, сондай-ақ 5 миллион теңге материалдық шығын өндіру туралы шешім қабылданды.

Іс материалдарына сүйенсек, биыл жыл басында ағайындылардың бірі көрші тұратын туысының үйіне ұрлыққа түсіп, 41 мың теңгені қолды еткен. Сол сәтте үйде болған ақыл-есі кем, 24 жастағы туысын зорлаған.

Бірақ бұл аздай, біраз уақыт өткен соң, жәбірленуші моншаға түсуге келгенде туған екі ағайынды тағы да қорлық көрсеткен.

Мамандардың айтуынша, жәбірленушінің психикалық дамуы төрт жасар баланың деңгейінде. Ол болған жағдайды кейін анасына айтып берген соң, күдіктілер ұсталып, қамауға алынған.

Бүгін сот шешімі шыққанымен, екі тарап та үкіммен келіспей отыр.
Сотталушылардың туыстары “жазықсыз қамалды” десе, жәбірленушінің анасы жаза тым жеңіл, шығын көлемі аз деп есептейді:

“Апелляцияға берем. Келіспеймін. Біз бес ай бойы оңалту орталығына қатынадық, аптасына екі реттен бардық. Негізі 15 миллион теңге сұрағанбыз, 5 миллион аз. Менің баламды 10 жасынан бері зорлап келген”, – дейді жәбірленушінің анасы.

Ұқсас жазбалар

Алматы тауларында жарақат алған 18 жастағы турист қыз құтқарылды

Үлкен Алматы көлі маңында 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз аяғын жарақаттап, құтқарушылар көмек…

Шри-Ланка түрмесіндегі қақтығыстан 25 адам қаза тапты

Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат…

Алматыда күдікті ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…