Categories Жайық news

Полиция істі жапты: Оқушысы суицидке барған QSI мектебіндегі тексеріс неге тоқтамады?

Алматыда оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған QSI жекеменшік мектебіндегі тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін полиция қылмыс құрамының болмауына байланысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатқан болатын. Құқық қорғау органдары оқу орнында буллинг фактілері болғанын растамады.

Алайда қылмыстық істің жабылуына қарамастан, Алматы қаласы білім басқармасының арнайы мониторинг тобы мектептегі жағдайды зерттеуді жалғастыруда. Сараптама тобының құрамына психологтар, ювеналды полиция қызметкерлері және Қоғамдық кеңес өкілдері кірген.

Зардап шеккен оқушының әкесі қызының мұндай қадамға баруына мектеп қабырғасында көрген қорлығы себеп болғанын алға тартады. Ол оқу орнындағы әлімжеттікке шағымданған.

Бұл мәселе қазір биліктің ерекше бақылауында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…