Categories Жайық news

Қазақстанда жасанды интеллектіні реттейтін заң күшіне енді: азаматтар нені білуі керек?

Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) қызметін реттейтін жаңа заң күшіне енді. Құжат адам құқығының басымдығын бекітіп, ЖИ жүйелерін пайдалануға қатысты жауапкершілікті нақтылайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Заңның негізгі қағидаты – адам басымдығы. Яғни, жасанды интеллект адамдарды саналы шешім қабылдау құқығынан айырмауы тиіс. Енді азаматтардың деректерін ЖИ өңдейтін болса, оларға міндетті түрде ескертіліп, оның салдары түсіндірілуі керек.

Сонымен қатар құжатта жүйенің жұмысына оның иесі, пайдаланушысы және әзірлеушісінің жауапкершілігі нақты бөлінген. Жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейіне қарай төменгіден жоғарыға дейін жіктелді. Тәуекелі жоғары санаттағы жүйелерге қауіпсіздік талаптары мемлекеттік жүйелермен бірдей қойылады.

Жаңа заң бойынша мынадай жасанды интеллект жүйелерін қолдануға қатаң тыйым салынды:

  • адамдарды манипуляциялайтын;
  • адамдардың әлсіз тұстарын (жасы, денсаулығы, әлеуметтік жағдайы) пайдаланатын;
  • дискриминацияға жол беретін;
  • рұқсатсыз адамның эмоциясын анықтайтын;
  • дербес деректер туралы заңдарды бұзатын;
  • тыйым салынған контент жасайтын.

Маңызды бір жайт, жасанды интеллектінің көмегімен жасалған кез келген контент міндетті түрде таңбалануы тиіс. Ал авторлық құқық тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана мойындалады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…