Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы христиан дінін ұстанатын азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Ол бұл күннің адамдарға сенім, үміт және жақынға деген сүйіспеншілік сыйлайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президенттің құттықтау сөзінде христиан дінінің басқа да дәстүрлі діндермен қатар адамгершілік пен рухани құндылықтарды – әділдік, мейірім, шыншылдық, жауапкершілік, ізгілік пен келісімді ұлықтайтыны айтылды. Оның айтуынша, православие елімізде дінаралық келісімді нығайтуға, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлық пен отбасы құндылықтарына тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

«Бірлік, ынтымақ пен өзара қолдау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі әрі ел жетістігінің берік іргетасы», – деді Президент.

«Қоғам арасында өзара сыйластық, сенім, жанашырлық орын алған кезде, біз әділет пен өркендеуге қарай нық қадам басамыз», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы православие дініндегі азаматтар мен бүкіл халыққа зор денсаулық пен табыс тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…