Categories Қаржы

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді: тиімді бағамен отандық өнімдер

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астана тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңке 20-21 маусым күндері өтеді. Оған елордалық фермерлермен қатар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады.

Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және сүт өнімдері, ұн, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылады.

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Керуен жолы» сауда орталығы аумағында жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылар тұрғындардың қолайлығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайтынын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

Жанабыловтардан тәркіленген 8 автокөлік мемлекеттік органдарға берілді

Сотталған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың курсын сатып алушылар арасында ұтысқа тігілмек болған 8…

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысына қатысушы халықаралық компаниялардың басшыларымен екіжақты…

ҰБТ-ны алмастыратын AIT емтиханының моделі әзірленуде

Астанада ETS халықаралық ұйымының өкілдері AIT жаңа қабылдау емтиханының моделін әзірлеуге арналған зерттеу нәтижелерін таныстырды.