Categories Жайық news

Халықаралық әуе рейстерінің саны артады  

Үкімет отырысында авиация саласын дамыту мәселелері қаралды. Соңғы үш жылда БҚО-да жолаушылар ағыны 43%-ға, ұшып-қону жиілігі 24%-ға артты.

Қазір Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан 5 республикалық және 2 халықаралық тұрақты бағытқа рейстер орындалады. Маусымдық Анталья мен Шарм-эль-Шейх бағыттарынан бөлек, алдағы айда Стамбул–Орал–Стамбул жаңа тұрақты рейсі ашылады. Сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Мәскеу бағыттарын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

Әуежайда рульдеу жолағы мен перрон жөнделіп, қауіпсіздік және инженерлік жүйелер жаңартылды. Цифрландыру аясында рейстерді бақылау және IT-инфрақұрылымды мониторингтеу жүйелері енгізілді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев шағын авиацияны дамыту және туристік әлеуеті жоғары Бөкей ордасы ауданына әуе қатынасын ұйымдастыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

 

 

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…